«Мигрант» іс-шарасы: Ақтөбеде 7 шетелдік елден мәжбірлеу тәртібімен шығарылды
Ақтөбеде жеті шетелдік елден мәжбірлеу тәртібімен шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айының 10 мен 17 аралығында облыс аумағында республикалық “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
«Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдармен, жұмыс берушілермен, шетелдік жұмыс күшін тартатын және пайдаланатын жұмыстарға тапсырыс берушілермен, сондай-ақ ҚР азаматтарымен, оларға тұрғын үй-жайларды ұсынатын ұйымдардың лауазымды тұлғаларымен Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасының талаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Яғни, іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан республикасында болу ережесін бұзған800 ден астам адам, оның ішінде шетел және Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
35 шетел азаматы соттың қаулысымен әкімшілік жолмен ел аумағынан шығарылса, 7 шетелдік елден мәжбірлеу тәртібімен шығарылды.
– Ең басты қателік – барлық жұмысшыларда тіркелудің және еңбек қызметімен айналысуға арнайы рұқсаттың болмауы. Ол жағын қамтамасыз ету жұмыс берушілердің мойнында болу керек. Бұл құқық бұзушылық үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әдеттегідей, шетелдік азаматтардың төлқұжаттары сотқа ұсынылды, оның үкімі бойынша көші-қон полициясының қызметкерлерінің ілесуімен жұмысшылар елден шығарылды, – деп түйіндеді ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Эльмира Болтаева.