Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытыланды

Маңғыстауда «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 күндік республикалық шара 14-23 наурыз аралығында құқық бұзушылықтардың алдын алу және бас бостандығынан айырусыз жазамен сотталған адамдар тарапынан қайталама қылмыстарға жол бермеу мақсатында өткен болатын.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметі жергілікті полиция мен криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, есепте тұрғандарды көрсетілген мекенжайы бойынша тексерді.

Облыс бойынша 901 сотталған пробация есебінде тұр. Осы шара аясында барлығы тексерілді. Нәтижесінде, жазаны өтеу тәртібін ауыстыру жөнінде жеті ұсыныс сотқа жолданды. Тәртіп бұзған сотталғандарға ескерту беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру