Алматыда фирма кеңсесін тонап кеткен ер адам ұсталды
Алматыда фирма кеңсесін тонап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЖШС бірінің иесі полицияға көмек сұрап жүгінген. Белгісіз біреу еркін түрде Навои көшесінде орналасқан сауда кеңсесіне кіріп, ноутбукты ұрлап кеткені туралы арызданған.
– Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, біздің бөлімшенің қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 28 жастағы М. есімді азаматты анықтады және ұстады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық) – бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.
Полицейлер кейін анықтағандай, ұсталған адам қатты мас болған. Ұрлық жасауға оны не итермелегені жас жігіттің есінде жоқ. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.