Теміртауда ұрылар тобы мекемеден металл өнімдерін үптеп кетті
Теміртауда ұрылар тобы мекемеден металл өнімдерін үптеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 наурыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне қаладағы мекемелердің бірінде металл өнімдері ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 пен 48 жас аралығындағы бес жігіт ұсталды. Олар металл өнімдерін ұрлағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құраған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.