Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы мектеп директорларымен балалар арасындағы суицидтің алдын алу мәселесін талқылады

Алматы полициясы қала мектептерінің директорларымен балалар арасындағы суицидтің алдын алу мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұған дейін шаһардың Алмалы, Алатау және Әуезов аудандарында жұмыс кездесулері өткен.

– Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, атап айтқанда мектеп оқушыларының оқу барысында қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Бейнеролик көрсету барысында дағдарыс жағдайында оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетінің алгоритмі түсіндірілді. Сонымен қатар, жалпы білім беру ұйымдарының басшыларына кәмелетке толмағандар арасындағы жедел жағдай, мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтың, кәмелетке толмағандарға қарсы, оның ішінде олардың жыныстық қол сұғылмаушылықтарына қарсы қылмыстардың, сондай-ақ балалардың өзін-өзі құрту әрекеттерінің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етілді, – деп хабарлады Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Аутодеструктивті мінез-құлық – жаңа құбылыс емес. Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының белгілері көбірек байқалады, көбінесе бұл ұғым суицидтік және өзін-өзі зақымдайтын мінез-құлықты, кейде алкоголь мен нашақорлыққа тәуелділікті білдіреді. Полицейлердің айтуынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана шешуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру