Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылықтың телефонын тартып алған күдікті қолға түсті

Қарағандылықтың телефонын тартып алған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне өздеріне бекітілген аумақта ашық тонау болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Жәбірленуші 37 жастағы азамат полиция қызмектерлеріне ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатқанда, артынан белгісіз біреу тап беріп, қолындағы ұялы телефонын тартып әкеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

13 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 24 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру