Шымкентте тәртіп сақшылары тұрғынның көлігінен қару тәркіледі
Шымкентте тәртіп сақшылары тұрғынның көлігінен қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының патрульдік полиция полкінің инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында рейд жүргізу кезінде күмән тудырған Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан. Яғни, автокөлік жүргізушісі жолда белгіленген жылдамдықты асыра отырып жүрген.
Автокөлікті қарау кезінде артыңғы орындығынан қаруға ұқсас зат және оқ-дәрілер анықталды.
Тәртіп сақшылары тез арада жедел-тергеу тобына хабар береді. Анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін азамат Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматқа қатысты құқықтық баға берілетін болады.