Маңғыстау облысында күштік құрылымдар арасында волейболдан турнир өткізілді
Маңғыстау облысында күштік құрылымдар арасында волейболдан турнир өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы ПД “Динамо” спорт кешенінде Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған күштік құрылымдар арасында волейболдан турнир өтті.
Спорттық шараның ұйымдастырушысы – Маңғыстау облысы Полиция департаменті.
Спорт сайысында экономикалық тергеу, төтенше жағдайлар, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттері, №6656 әскери бөлімі, мамандандырылған күзет басқармасы, полиция департаменті және оның бөліністерінің қызметкерлерінен, сондай-ақ ІІО ардагерлерінен құралған он екі команда бақ сынады.
Турнирдің ашылу салтанатында Республиканың Мемлекеттік туы ортаға шығарылып, Әнұран орындалды. Полиция департаментінің бастығы Аян Дуйсембаев алғысөз сөйлеп, барша қатысушыларды мерекемен құттықтап, тартысты ойында сәттілік тіледі.
Департамент бастығы бастаған топ ойынды бастап берді, ал бақ сынасушы топтар турнирды жалғастырды.
Осылайша тартысты спорт бәсекесі жоғары деңгейде өтіп, мәреге алға озып шыққан жеңімпаздарымен жетті. Іс-шара соңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді.