ШҚО-да ауыл тұрғыны екі көлікті айдап әкетіп, апатқа түскен
ШҚО-да ауыл тұрғыны екі көлікті айдап әкетіп, апатқа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айының басында Ұлан ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, оның үйінің ауласында тұрған Toyota автокөлігін ұрлап кеткенін хабарлаған.
Сол күні көлігім ұрланды деп тағы бір азамат полицияға жүгінген. Бұл жолы Ұлан ауданы Бозанбай ауылының тұрғынының Chevrolet көлігін айдап кеткен.
Хабарлама түсісімен полиция қызметкерлері дереу қаскөйді іздеуге кіріскен. Осылайша, жарияланған “Тосқауыл” жоспары, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті нәтижесінде, екі автомобиль де табылды. Анықталғандай, күдікті көліктің бірін аударып, Өскемен-Самар тас жолында қалдырған, ал екіншісі Бозанбай ауылының аумағында жұмыс істемейтін күйде табылған.
Полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен бұрын сотталған ШҚО облыс орталығының 28 жастағы тұрғынын қолға түсірді.
Қаскөйге қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Айдап әкету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.