Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полиция бастығы халық алдында онлайн есеп берді

СҚО полиция бастығы халық алдында онлайн есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдинов Facebook-те ведомствоның аккаунтында тікелей эфирде өткен есеп беруде жұмыс нәтижелері, сондай-ақ басымдылықтар мен жоспарларға толық тоқталып кетті.

Облыстық полицияның басшысы 2021 жылдың қорытындысы бойынша СҚО-да қылмыстың жалпы саны 5,6%-ға азайғанын атап өтті. Жасөспірімдер жасаған қылмыс та 13,6%-ға азайған.

Өткен жылдардағы 153 қылмыс ашылып, 34 қылмыскер ұсталған, із-түссіз жоғалған 23 адам іздеп табылған. Сонымен қатар, жұмыстың маңызды нәтижесі – мал ұрлығының 38,3%-ға азаюы. 197 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі өткізудің 59 және шекара арқылы есірткі заттарын контрабандалық жолмен тасымалдаудың 11 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 410 келіден аса түрлі есірткі мен психобелсенді заттар, оның ішінде 4 келіден астам синтетикалық есірткі алынды.

Айдын Қабдұлдинов реформалаудың басым бағыттарына, сервистік формат жұмысына, сондай-ақ елімізді дамытудың жаңартылған тұжырымдамасы аясында мемлекет басшысы ішкі істер органдарын бағдарлаған халыққа жақын болуды қамтамасыз етуге жеке тоқтала кетті.

– Полицияның жаңа стационарлық модульдік бекеттері ашылды, “патрульдеу учаскелері бойынша деректер кестесін құру” енгізілді; тұрғын үйлерді, саябақтарды, скверлерді қамтитын жаяу патрульдердің саны артты. Ауылдық жерлерде халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін біз полицейлерге тұрғын жаймен біріктірілген жаңа, ыңғайлы полицияның учаскелік пунктін салудамыз. Мамлют пен Уәлиханов аудандарында олар қолданысқа берілді. Биыл тағы осындай тұрғын жаймен біріктіріп салынған 4 учаскелік пунктті ашуды жоспарлап отырмыз. Ондағы мақсат – учаскелік инспектордың 24/7 режимінде халыққа жақын, өзінің әкімшілік учаскесінде өмір сүре отыра, ондағы барлық жағдайдан хабардар болуы, – деп атап өтті СҚО Полиция департаментінің бастығы.

Облыста 474 жалпы білім беретін мектеп, Петропавлда 46, аудандарда 428 жалпы білім беретін мектеп бар. Олар бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Мектептердің камераларынан түсірілген бейнежазбаларды Жедел басқару орталығы мен аудандық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдерінен көруге болады . Бүгінгі таңда мектептердің 60%-ға жуығы полиция бөліністеріне қосылған. Мектептер бейнебақылаудан бөлек, дабыл кнопкалары, металл іздегіштер, турникеттер, кіру жүйелері, ескерту құрылғыларымен және өрт дабылымен жабдықталған.

Айдын Қабдұлдинов бұзақылықтың алдын алу мақсатында патрульдік бағыттардың жүйелі түрде реттеліп, түнгі клубтарға, дәмханаларға және азаматтардың демалысына арналған басқа да орындардың маңында полиция жасақтарының қызмет атқаратынын атап өтті. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ағымдағы жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 8 және Петропавл қаласының жол желісінде 14 жылдамдықты реттеу жүйесін орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, автономды режимде жұмыс істейтін 2 интеллектуалды жол қиылысы орнатылады.

Тәртіп пен заңдылықты мүлтіксіз сақтау, кеңес беру мен халық алдында тұрақты есеп беру – СҚО полициясы басшысының қарамағындағы қызметкерлерді бағыттайтын басымды бағыттары. Тікелей эфир барысында Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшысына бірнеше ондаған түрлі сауалдар түсті. Желі қолдаланушыларды негізінен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қызықтырды. Барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Сөз соңында Айдын Қабдұлдинов тұрғындарды интернет арқылы қаржылық операцияларды жасағанда қырағы болуға, жеке деректерді таратпауға, жалпы интернет алаяқтардың орбитасына түсіп қалмауға және қылмыс орын алған жағдайда дереу полицияға жүгінуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру