Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ музейіндегі Генерал Қайдаровтың бұрышы жаңа кітаппен толықты

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Рүстем Қайдаровтың жесірі Аймен Қайдарованы қабылдады. Кездесу барысында марқұмның Тәуелсіз Қазақстанның құқық қорғау саласына қосқан ерен еңбегі айтылып, саналы ғұмырын осы салаға сарп еткен генералдың өнегелі істері еске алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аймен Қайдарованың Ішкі істер министрлігіне келген мақсаты – ұлтжанды генералдың ұстанымы мен табандылығын, талапшылдығы мен ер жүректігін жастарға үлгі ету. Министрмен кездесуден соң ол ведомство музейіне барып, “Жизнь, посвященная служению Родине” атты кітапты сыйға тартты. Бұл – “Генералдар кеңесі” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, генерал-майор Рүстем Қайдаровтың өмір жолын қамтыған естеліктер жинағы.

Рүстем Қайдаров жастар тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Ол жоғарғы оқу орнында дәріс оқып, офицерлердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Республикалық генералдар одағын басқарып, сала ардагерлеріне қолдау көрсетті. Оның ғұмыры 2019 жылы болған әуе апатында үзілді. Артынан өшпес із қалдырған азаматтың ісі жастарға үлгі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру