Шымкенттік полицейлер бір аптада 525 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
Шымкенттік полицейлер бір аптада 525 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары көшелерде, қоғамдық орындарда заң бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді.
Мәселен, 19-25 наурыз аралығында тәртіп сақшылары 525 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда: ортақ пайдаланылатын орындарды ластау – 67, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы – 38, Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрған – 204 адамды анықтаған.
Сондай-ақ, абаттандыру қағидаларын бұзған – 64, жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзған 31 азаматқа және өзге де құқық бұзушылықтар бойынша 121 адамға хаттама толтырылды.