Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері тыныштықты бұзу фактісі бойынша 578 хаттама толтырды

Петропавл полицейлері тыныштықты бұзу фактісі бойынша 578 хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Петропавлда тұрғындар түнгі сағат 23:00-ден кейін тыныштықты бұзғаны үшін полицейлерді алты рет шақырған. Екі жағдайда жалдамалы пәтерде шулаған. Жексенбі күні шамамен таңғы сағат сағат 4:00-де 102 арнасына Интернациональная көшесіндегі үй тұрғындарынан қоңырау келіп түсті.

25 пен 30 жас аралығындағы төрт жігіт бас қосып, көршілерінің демалуына кедергі келтірген. Полицейлер оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша хаттама толтырды.

– Баптың санкциясымен жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген. Жыл басынан облыс орталығында полицейлер түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 578 хаттама толтырды. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 714 адам жауапқа тартылған. Жұмыс күндері кешкі сағат 22:00-ден таңғы сағат 9:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері кешкі сағат 23:00-ден таңғы сағат 10:00-ге дейін шулауға болмайтыны туралы ескертеміз. Егер біреудің шулағанын байқасаңыз, учаскелік полиция инспекторларына немесе 102 нөміріне қоңырау шалу қажет, – деді Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру