Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Самокаттар мен велосипедтердің ұрлығын қалай тоқтатуға болады

Петропавл полицейлері самокаттар мен велосипедтердің ұрлығын қалай тоқтатуға болатыны жайлы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарын өз мүліктерінің сақтығына аса жауапкершілікпен қарауға шақырады. Көктем келісімен көппәтерлі үйлердің подъездерінде жасалатын мүлік ұрлығы арта түсуі мүмкін.

Бірнеше жыл бұрын қаскөйлердің назарында велосипедтер, балалардың арбалары мен шаналар болса, соңғы кезде олардың қатарына подъезге тастап кететін самокаттар мен гидроскутерлер қосылды. Аталған екі доңғалақты көліктердің түрі өте кеңінен қолданылады, әсіресе – электросамокаттар; оларды жеке пайдалануына емес, қосалқы бөлшектері мен аксессуарларын сатып, пайда көру үшін ұрлайды.

Өткен демалыс күндері петропавлдық Instagram және VK пабликтерінде бейнебақылау камераларындағы жазбаларында Жамбыл көшесі бойындағы үйдің подъезінен екі жасөспірімнің самокатты шығарып бара жатқаны туралы эпизодтар жарияланды. Самокат ұрлау фактісі Петропавл қалалық Полиция басқармасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Қазір полиция қызметкерлері аталған құқық бұзушылықты жасаған тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Өздеріңізді және балаларыңызды сүйікті самокаттары немесе велосипедтерінің аяқ астынан ұрлануымен жабырқатпау үшін полицейлер қала тұрғындарына өз мүліктерінің сақтығына аса жауапкершілікпен қарауға шақырады. Ұрлауға қарсы сапалы тросты пайдалану, рамасындағы сериялық нөмірлерін жазып алу, сонымен қатар сатушыдан көлікті сатып алу туралы құжаттар болуы қажет. Велосипедті немесе самокатты мүмкіндігінше пәтерде сақтаған жөн. Егер де сіз қылмыстың құрбанына айналсаңыз – шұғыл түрде «102» телефонына қоғырау шалып, жақын маңдағы полиция бөліміне болған жағдайды айтыңыз немесе App Store не Google Play-дегі «102» мобильді қосымшасын қолданыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру