Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада жарты млн теңгенің малын ұрлаған күдікті ұсталды

Ақмолада жарты млн теңгенің малын ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері бұрын жасалған санатындағы қылмыстарды ашуды жалғастыруда. Мәселен, өткен демалыс күндері Астрахан аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері жарты млн теңге көлемінде ұсақ мал ұрлығына қатысы бар күдікті азаматты анықтады.

Бір апта бұрын Астрахан ауылының 53 жастағы тұрғыны полицияға малдың жоғалғаны туралы арыз берген. Жәбірленушінің мәліметінше, 20 наурызға қараған түні қаскүнемдер жеті бас ұсақ мал ұрлығын жасаған.

Өтініш түскеннен кейін бірден криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, өтініш берушінің туған жиенінің аталған қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Қазіргі уақытта 26 жастағы туысы ұрлаған малды қайта сатқаны анықталды.

Ер адам өз ісін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру