Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұрттық полицейлер жалғызбасты анаға қайырымдылық жасады

Түркістан облысының полицейлері жалғызбасты анаға қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел қорғандары қашанда қолдан келгенше қайырымдылық жасауды өздеріне парыз еткен. Жақсылық жасау – мандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Адам баласының осынау асыл қасиетін айшықтайтын қайырымдылық іс-шарасын жалғастырған полиция қызметкерлерінің мұндай игі-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады.Мәселен, қазығұрттық полицейлер жалғызбасты ана Гүлжамал Жүнісованың отбасына барып, хал-жағдайын сұрап, азық-түлік өнімдерін апарып берді.

 

Өз кезегінде жалғызбасты ана полицейлерге алғысын айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Қиын шақта қолдау білдіргеніне ризашылығын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру