Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 наурызда Алға аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызметкерлері сағат 04.50-де Мәмбетов және Наурыз көшелерінің қиылысында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 26 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатты.

Жүргізушінің мас күйінде болғаны, сонымен қатар бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (КҚ басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші Алға ауданы полиция бөліміне қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру