Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖД бастығы тікелей эфирде азаматтардың сұрақтарына жауап берді

Қызылордада ҚАЖД бастығы тікелей эфирде азаматтардың сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығымен кезекті тікелей эфир ҚАЖ департаментінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында өтті.

Департамент бастығы Шаймерден Ескенкелдиев департаментке қарасты мекемелер мен пробация қызметі туралы ақпарат берді. Одан соң желі қолданушылардың сұрақтарына жауап берді.

Алғашқы байланысқа шыққан азаматша “Жазасын өтеуші жолдасыма рақымшылық жасалады ма?” деген сұрағын қойды.

Бұл сұрақ бойынша департамент бастығы “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” ҚР Заңына сәйкес рақымшылық қолданылмайтынын айтты.

Бұдан кейін хабарласқан азамат мекеме аумағында жеке кәсіп ашу мәселе туралы сұрақ қойды. Шаймерден Тәжіқұлұлы бұл сұраққа кеңінен жауап берді.

– Жеке кәсіпкерлермен арнайы келісім шарт негізінде тығыз жұмыс атқарудамыз. Бүгінгі таңда ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде 9 кәсіпкер жеке ісін ашқан. Мекеме аумағынан кәсіп ашамын десеңіз, келіп, мекеме аумағындағы бос ғимараттарды көруіңізге болады. Бізге де сотталған азаматтарды жұмыспен қамту маңызды, – деді департамент бастығы.

Көптеген азаматтар ҚАЖ саласына жұмысқа қабылдану тәртібі, медициналық көмектің көрсетілуі, жазасын өтеушілермен жүргізілетін спорттық шаралар бойынша сұрақтар қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру