Тараздық әйел сатушыны жалған ақшамен алдап кетті
Тараздық әйел сатушыны жалған ақшамен алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтықтың тағы бір дерегін ашты.
Бұл жолы 40 жастағы әйел қаланың мөлтек аудандарының бірінде орналасқан «Все по 350» дүкен сатушысының сеніміне кіріп, 800 теңгеге тауар сатып алған. 10 мыңдық жалған купюрам қолма-қол есеп айырысып, сатушыдан 9200 теңге ақшаны алдау жолымен кері қайтарып алып, оқиға орнынан кетіп қалған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқ әйел ұсталды.
Аталған дерекке қатысты Тараз қаласының Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.