Алаяқтың арбауына түскен түркістандық 300 мың теңгесінен айырылды
Алаяқтың арбауына түскен түркістандық 300 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол жақын таныс емес әйелге сеніп, оның арбауына түсіп қалған. Яғни, мүгедектікке шығарып беретінін айтқан алаяқ тұрғынның ақшасын алған соң хабарсыз кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құрайды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау үшін жедел-тергеу тобы құрылды.
Нәтижесінде, түркістандық полицейлер күдіктінің ізіне түсті. Анықталғандай, ол жергілікті жұмыссыз әйел болып шықты. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.