Алматыда адам өлтіру қылмысы «ізін суытпай» ашылды
Алматыда адам өлтіру қылмысы «ізін суытпай» ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аса ауыр қылмыс бүгін таңертең қаланың Бостандық ауданында орын алды. Хабарлама сағат 08:59-да «102» пультіне келіп түсті.
Аңшылық мылтықтан 1975 жылы туған Ш.есімді азамат кісі қолынан көз жұмды.
– Бұл қылмыстың беті «ізін суытпай» ашылды. Күдікті қалада енгізілген «Ұстау» арнайы жоспар барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында құрықталды. Қылмыстық қару тәркіленді. Кісі өлтіру себебі анықталуда, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.