Петропавлдық полицейлер өткен демалыс күндері 150 қоңырауға қызмет көрсетті
Петропавлдық полицейлер өткен демалыс күндері 150 қоңырауға қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сенбі және жексенбі күндері петропавлдық полицейлер “102” арнасына келіп түскен 700-ден астам қоңырауды қабылдады. Олардың басым бөлігі анықтамалық сипаттағы сұрақтар. 159 жағдайда полицияның араласып, тексеру шараларын жүргізуі қажет болды. Негізгілері – спирттік ішімдіктерді асыра сілтеумен байланысты құқық бұзушылықтар. Тәртіп сақшылары түнгі уақытта тыныштықты бұзумен байланысты – 7, отбасылық жанжалдармен байланысты – 9 шақыртуға барды.
– Әкімшілік құқық бұзушылықтармен байланысты шақыртуларға жедел қызмет көрсету – сервистік үлгідегі жұмысқа бағдарланған заманауи полицияның бағым бағыттарының бірі. Бұл үшін тұрғындардан келіп түсетін сауалдарға уақтылы ден қоюға бақылау жүргізу бойынша шаралар қабылданады. Бұдан бөлек, облыс орталығында түнгі патрульдеуге учаскелік полиция инспекторларын жұмылдыру тәжірибесі қолдануда. Бұл олардың құзыретіне кіретін фактілер бойынша көпке созбай процессуалдық шешім қабылдауға мүмкіндік береді, – дейді Петропавл қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.
Сонымен бірге, полицияға жолдағы оқиғалармен байланысты 12 қоңырау келіп түсті. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге маусымаралық шақта көлікті басқару кезінде аса сақ болуға кеңес береді.