Ақтөбеде жүк көлігі қағып кеткен жаяу жүргінші жансақтау бөліміне түсті
Ақтөбеде жүк көлігі қағып кеткен жаяу жүргінші жансақтау бөліміне түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 сәуірде Mercedes-Benz Actros 2541 жүк көлігінің 64 жастағы жүргізушісі гипермаркеттің тұрағында маневрдің қауіпсіз болатынына көз жеткізбей, нәтижесінде автокөлік пен тіркеменің арасында тұрған 57 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының Медициналық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті барлық жүргізушілерден жолда мұқият болуды сұрайды.