Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында көршісі зейнеткердің екі қойын ұрлап кеткен

Қарағанды облысында көршісі зейнеткердің екі қойын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 сәуірде Қарағанды облысы Қаражал қаласының полиция бөліміне 66 жастағы ер адамнан арыз түсті. Зейнеткер жеке үйдің ауласында орналасқан саяжайдан белгісіз біреудің екі қойды ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құрады.

5 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жәбірленушінің қасында тұратынын және оның үйінде жоқ екенін білетінін айтып, кінәсін мойындады. Жазадан құтыламын деген оймен қойды ұрлаған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру