Ақмола полицейлері төбелеске қатысушыларды бейнекамералардың көмегімен анықтады
Ақмола полицейлері төбелеске қатысушыларды бейнекамералардың көмегімен анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төрт жас жігіттің қатысуымен болған төбелесті Жедел басқару орталығының инспекторы 10 сәуірге қараған түні тіркеді. Бейнебақылауды жүзеге асыру кезінде ЖБО қызметкері таңғы сағат 03.15 шамасында Көкшетау қаласындағы түнгі ойын-сауық орындарының бірінің жанында бірнеше жас адамның арасында болған қақтығысты байқады.
Оқиға туралы дереу ақпарат барлық жақын маңдағы атвопатрулрдерге және басқа да кешенді полиция күштеріне берілді. Оқиға орнына келген полиция жасақтары төбелеске қатысқан екі адамды ұстады, олар түнгі мекеме қызметкерлері болып шықты. Тағы екеуі автокөлікпен жасырынып үлгерді.
Олар Көкшетау қаласы көшелерінің бірінде патрульдік полиция батальонының экипажымен ұсталды. Ұсталғаннан кейін қаланың төрт тұрғыны медициналық куәландыруға жіберіліп, одан әрі тергеу үшін Көкшетау қаласының Полиция басқармасына жеткізілді.
Төбелестің себебі 26 жастағы мекемеге келушілер мен 25 және 24 жастағы мекеме қызметкерлері арасында туындаған жанжал екені анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.