Тапсырыс бойынша дипломдық жұмыс: Көкшетау студенті алаяқтықтың құрбаны болды
Диплом сатып алмақ болған Көкшетау студенті алаяқтықтың құрбаны болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 сәуірде жергілікті оқу орындарының бірінің 22 жастағы студенті полицияға алаяқтық әрекеттер туралы өтініш берген. Жәбірленушінің айтуынша, жарнамалық сайттардың бірінде дипломдық жұмыстарды дайындау туралы хабарландыру тауып алған. Хабарландырудың авторымен көрсетілген телефон нөмірі арқылы хабарласып, ұсынылған шарттармен келісіп, жұмысқа қойылатын талаптарды айтқан. Сонымен бірге, өтініш беруші түсіндіргендей, ол бастапқыда дипломдық жұмысқа алдын-ала төлем жасаған, содан кейін әйел адам барлық соманы талап еткен. Еш күдігі жоқ зардап шегуші аталған 85 мың теңге мөлшерінде соманы аударды. Ақша алғаннан кейін азаматша байланысқа шықпай қойған.
Өтініш түскеннен кейін бірден криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізіп, нәтижесінде Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғыны анықталды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның заңсыз әрекеттерінен тағы бір студент зардап шеккенін анықтады. Сонымен қатар, 2020 жылы әйел осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.