Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жылқышы тұрғынның асыл тұқымды құлынын сатып жіберген

ШҚО-да жылқышы тұрғынның асыл тұқымды құлынын сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының басында “Мал ұрлығы” ЖПІШ барысында Алтай ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығы фактісін анықтады.

Полиция қызметкерлері 2021 жылдың тамыз айында 51 жастағы жылқышы ауылдық округтердің бірінің шетінде орналасқан шаруа қожалығынан мал ұрлағанын анықтады.

Тексеру барысында шаруа қожалығының басшысы өткен жылдың тамыз айында малды айдап әкелгеннін кейін кеңестік ауыр жоба тұқымды алты айлық құлынының жоғалғаны анықталғанын айтты. Келтірілген шығын 400 мың теңгеден асты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары күдікті анықтап, ұстады, ол өз кінәсін мойындады. Жауап алу барысында күдікті өзі жұмыс істеген шаруа қожалығының құлынын ұрлау ойына келген. Ойындағысын іске асырған малшы жақын ауылдың бірінде тұратын өзінің танысын кездестіріп, “олжаны” 50 мың теңгеге сатып жіберген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, осы баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру