Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттің бас полицейі қала көшелерінің жағдайымен танысты

Шымкенттің бас полицейі қала көшелерінің жағдайымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарына қатысты бірқатар индикаторларды белгіледі, соның бірі – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өткен аптада Нұр-Сұлтанда ҚР ІІМ Марат Ахметжанов кеңейтілген кеңес өткізіп, жиын барысында Шымкент шаһарында жолға байланысты жедел жұмыстарды атқарып, тиісті шараларды қабылдау қажеттігін тапсырды. Сондықтан осындай маңызды нұсқауға сәйкес және мегаполис аумағында кейбір қолайсыздықтарға байланысты жол кептелісі мен жол көлік оқиғаларының алдын алу, себептерін анықтау мақсатында Шымкент қалалық ПД-ның бастығы Қайрат Дәлбеков қала аумағын аралап, көшелердің қазіргі жағдайымен танысты.

Сонымен қатар, аталған мәселелердің шешімін табу мақсатында Қайрат Дәлбековпен бірге қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов пен жауапты мамандар болды. Мұқият зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында қала көшелерінен жол кептелісіне себеп болатын бірқатар кемшіліктер анықталды. Ал кептеліс кей жағдайда жүргізушілердің өзара ашу ызасын тудырып, жол апаты немесе басқа да заң бұзушылыққа әкелуі әбден мүмкін.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп жұмыс атқару көзделуде.

– Алдағы уақытта жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында әкімшілік тарапы мен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп, нәтижелі жұмыстар жүргізетін боламыз. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау біздің басты міндетіміз! Жолда ережені сақтап, бір-бірімізге құрметпен қарайық, – деді Шымкент қалалық ПД-ның бастығы Қайрат Дәлбеков

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру