Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғынынан жарты келі марихуана тәркіленді

ШҚО тұрғынынан жарты келі марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының ортасында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҰ бөлімшесімен және Өскемен қаласындағы ПД Кинологиялық орталығымен бірлесіп Логвин көшесінде LADA автокөлігін тізгіндеген 41 жастағы Ұлан ауданының тұрғынын ұстады.

Ұсталған адамды жеке тінту барысында оның күртешенің қалтасынан өсімдік тектес заты бар 2 түйіншек табылып, тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 1,322 грамм кептірілген марихуана болып шықты.

Сондай-ақ, ер адамның үйін тінту барысында оның қорасынан өсімдік тектес заты бар 5 полимерлі түйіншек табылды. Сараптама нәтижесі табылған заттың жалпы салмағы шамамен 500 граммды құрайтын кептірілген марихуана екендігін көрсетті. Бұл 125 бірреттік дозаны құрайды.

Күдікті қамауға алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру