Атырау облысының полицейлері су басқан тұрғын үйлерден 10 адамды эвакуациялады
Атырау облысының полицейлері су басқан тұрғын үйлерден 10 адамды эвакуациялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы Жылыой ауданында 21 сәуір күні таңғы сағат 06:00 шамасында 102 операторына Жем өзені көтеріліп, Құлсары қаласында бірнеше тұрғын үйді су басқандығы туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына Жылыой ауданы полиция бөлімінің 15 қызметкері мен бес автокөлігі дереу жетіп, 10 адамды, оның ішінде төрт жасөспірімді эвакуациялады.
Қазіргі таңда полиция бөлімі мен жергілікті атқарушы орган төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірлесе жұмыстар атқаруда.
Өз кезегінде полицейлер тұрғындардан сақтық шараларын қатаң бақылауды және дер кезінде құзырлы органдарға хабарлауды сұрайды.