Түркістан облысының полицейлері велосипед ұрлаған екі жігітті ұстады
Түркістан облысының полицейлері велосипед ұрлаған екі жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Созақ АПБ-ға жергілікті тұрғын Урал велосипедінің ұрланғаны жөнінде арызданған. Жәбірленуші тұрғынның айтуынша, үйінің қасындағы тойхана алдында тұрған велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Арызданушыға келтірілген шығын 65 мың теңгені құрады.
Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келіп, велосипед ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алып, тойхана мен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді.
Полицейлер жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, күдікті деп танылған екі жас жігітті бір тәулік ішінде ұстады. Олардан ұрланған велосипед алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.