Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда жұмысшы зейнеткердің құрал-жабдықтарын ұрлап кетті

Теміртауда жұмысшы зейнеткердің құрал-жабдықтарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 сәуірде Теміртау қаласы ПБ Шығыс полиция бөліміне 71 жастағы қала тұрғыны арызданған. Зейнеткер пәтерді жөндеуді жоспарлаған екен. Ол орташа ақыға көмектесуге келіскен белгісіз ер адамды тапқан. Оның үстіне барлық қажетті құралдарды әйелдің өзі қамтамасыз еткен. Қажетті жұмыс көлемін орындаған жұмысшы зейнеткермен қоштасып, кетіп қалды.

Арызданушы біраз уақыттан кейін “жұмысшы” өзімен бірге пәтерді жөндеу кезінде пайдаланған жабдықтары: ағаш бұйымдарын өңдеуге арналған құралдар тегістеуіш пен болгарканы алып кеткенін білді. Сонымен қатар, қаскөй дәрілік тұнбаларды ұрлағаны белгілі болды. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құрады.

Арызданушы күдіктінің атын ғана атай алды. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 55 жастағы ер адамды ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Ұрланған құралдар тәркіленіп, зейнеткерге қайтарылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру