Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ІІМ-нің қазақ күресінен өткен спартакиадасы қорытындыланды

СҚО-да ІІМ-нің қазақ күресінен өткен спартакиадасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған ҚР ІІМ-нің спартакиадасы және «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының ведомствоаралық спартакиадасы аясында өткізілген қазақ күресі бойынша жарыс қорытындыланды.

Екі күн бойы Александр Винокуров атындағы Спорт сарайында еліміздің түкпір-түкпірінен келген погондағы палуандар арасында жарыс өткізілді. Полиция департаменттерінің 18 құрама командаларынан, сондай-ақ «Динамо» ДШСҚ орталық кеңесінің 8 командасынан үздіктерді кәсіби төрешілер анықтады. Спорттық мерекенің құрметті қонағы ретінде Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, «Динамо» ДШСҚ орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов, облыстық күштік құрылымдардың басшылары, атақты спортшылар және ардагерлер қатысты.

ІІМ спартакиадасының қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды Алматы қалалық Полиция департаменті иеленді. Екінші орынды – Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті, бірінші орынды – Қарағанды облысы Полиция департаменті жеңіп алды.

«Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының ведомствоаралық спартакиадасының қорытындылары бойынша үшінші орынды – ТЖМ командасы, екінші орынды – Ұлттық ұланның командасы, бірінші орынды –  ІІМ командасы алды.

100 кг және жоғары салмақ дәрежесі бойынша бірінші орынды Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкері Жәнібек Дүйсембаев иеленді. 100 кг салмақта – Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкері Александр Косачев, 90 кг салмақта – Ақмола облысы Полиция департаментінің қызметкері Әсет Жүнісов, 82 кг салмақта – Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкері Еркеғали Қуандық, 74 кг салмақта – Алматы қалалық Полиция департаментінің қызметкері Дәурен Қамаш, 66 кг салмақта – Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің қызметкері Ерболат Құнанбаев үздік атанды. Жүлдегерлер «Динамо Барысы» белдігімен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды.

– Қазақ күресі – көнеден келе жатқан ұлттық күрес түрі. Төзімділік, күш-жігер және шыңдалған техника – бұның бәрі қызу тартыста сәтті өнер көрсетудегі маңызды қасиеттер. Спорттың тартысты түрі мен халқымыздың ұлттық дәстүрін біріктірген спорттық мереке – 23 маусымда атап өткелі тұрған ел полициясының мерейтойына дайындықтың жарқын кезеңі, – деп атап өтті СҚО Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру