Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер із-түзсіз жоғалған 9 адамның орналасқан жерін анықтады

Ақмола полицейлері із-түзсіз жоғалған 9 адамның орналасқан жерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Кетіп, қайтып оралмады», «байланысқа шықпады», «жанжалдан кейін үйден кетіп қалды» деген сөздерден ақмолалықтардың жоғалған туыстарын іздестіру туралы өтініштер жиі басталады.

Полиция қызметкерлеріне арналған әрбір осындай жүгіну – бұл адамның бәлеге ұшырауы, қылмыстың немесе қайғылы оқиғаның құрбаны болуы мүмкін екендігінің белгісі. Адамдардың белгісіз жоғалып кету фактілері кең қоғамдық резонанс тудырады, құқық қорғау органдарымен жоғалған адамдарды іздеу және табу үшін үлкен және ауыр жұмыс жүргізіледі, көптеген адамдар мен техникалық ресурстар жұмсалады.

Биылғы жылы Полиция департаментіне хабар-ошарсыз кеткен адамдардың орналасқан орынын анықтауға көмек сұрау туралы 15 өтініш келіп түсті, олардың 9-ы табылып, туыстарына қайтарылды. Қазіргі уақытта тағы 6 адам іздеуде, олар – Көкшетау қаласы, Бурабай, Атбасар, Бұланды және Есіл аудандарының тұрғындары.

Адамды іздеу туралы өтініш түскен кезде полиция дереу жоғалған адамның достары мен таныстарының шеңберін белгілейді, достарынан, әріптестерінен, ықтимал куәгерлерден сұрайды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерден алынған ақпарат, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың жоғалып кетуі жағдайында үлкен мәнге ие.

Талдау көрсетіп отырғандай, көбінесе жоғалған адамдар достарымен, таныстарымен уақыт өткізу үшін үйден кетеді, ойын-сауық немесе жұмыс іздеп үлкен қалаларға кетеді, ал телефондарын немесе басқа байланыс құралдарын өшіреді.

Оған Зеренді ауданы Молодежное ауылының 23 жастағы тұрғыны А.Тяпкиннің жоғалып кетуі мысал бола алады. Жас жігітті бірнеше күн бойы туғандары, полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеді. Жоғалған адамның белгілері жазылған ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен таратылды.

21 сәуірде Көкшетау қаласының Шанхай ш/а полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған адамды тапты. Тоғыз күн бойы жас жігіт облыс орталығында болып, туыстарына қайда екенін хабарламаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру