Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атбасар тұрғынының үйінен криптовалютаны өндіруге арналған жабдық табылды

Атбасар тұрғынының үйінен криптовалютаны өндіруге арналған жабдық табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Атбасар қаласының тұрғынынан криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері электрондық валютаны өндіруге арналған жабдықты тапты.

24 сәуірде Атбасар АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында аудан орталығының жеке үйлерінің бірінен криптовалютаны өндіруге арналған жабдықтар: мамандандырылған «айтмайнер» жабдығының жарамды 2 данасын, сондай-ақ айтмайнерлерге арналған жабдықтың 9 бірлігін, басқа да қосалқы техниканы тауып алды.

Жабдықтың иесі Атбасар ауданының 29 жастағы тұрғыны – бағдарламашы. Ер адамның айтуынша, ол 3 ай бойы үйде криптовалютаны өндірумен айналысады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, іс материалдары әкімшілік хаттама жасау үшін мемлекеттік кірістер басқармасына берілді.

Естеріңізге сала кетсек, қызметтің осы түрі (майнинг) бойынша 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасында төлемақы (цифрлық майнинг үшін төлемақы) алынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру