ШҚО-да көлік ұрысы қолға түсті
ШҚО-да көлік ұрысы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сәуір айының басында Шемонаиха ауданының ПБ патрульдік полиция взводының қызметкерлері Шемонаиха қаласы Болашақ-Герцен көшелерінің қиылысында ұрланған Mercedes автокөлігін тапқан. Аталған көліктің жанында 27 жастағы қала тұрғыны тұрған. Тексеру барысында ер адам 51 жастағы тұрғынның үй ауласына қойған көлікті ұрлап кеткені анықталды.
Сондай-ақ, қаскөй осыған дейін дәл осындай қылмысы үшін сотталып, 2019 жылы бес жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Ұсталған азамат қамауға алынды.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.