Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Созақта контрафактілік DVD дискісін сатқан ер адам анықталды

Созақта контрафактілік DVD дискісін сатқан ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ АПБ-ның қызметкерлері ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған рейдтік-профилактикалық жұмыстарды үнемі жүргізіп отырады. Осылайша Созақ ауданының полицейлері “Контрафакт” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ауданның орталық көшелерінің бірінде орналасқан дүңгіршектен заңсыз DVD дискісін сату дәйегін анықтады.

Аталған жайтты ҚР ҚК-нің 198-бабы 2-бөлігі (Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оның пластикалық дүңгіршекте тіркеу құжатынсыз DVD дискілерін сатқандығы анықталды. Күдіктіден айғақ ретінде шамамен 180 дискі тәркіленді. Қазіргі таңда ауданда осы сияқты сатылымға тыйым салынған заңсыз саудамен күрес жүйелі түрде жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру