Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есірткі сақтаған деструктивті дінді ұстанушылар ұсталды

Ақтөбеде есірткі сақтаған деструктивті дінді ұстанушылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 сәуір күні сағат 01:50-де патрульдік полиция қызметкерлері Жиенбаев көшесінде жол ережесін бұзған 37 жастағы жүргізушінің басқаруындағы  Ваз-2114 автокөлігін тоқтатты. Көлік салонында тағы екі жолаушы болды. Жүргізуші мен жолаушылардың жағдайы полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды.

Тексеріс кезінде жүргізушіден алты, жолаушылардың бірінен пакетке салынған 15 дана газетке оралған марихуана алынды. Тәркіленген заттың салмағы – 800 грамм.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Ұсталған үш адам деструктивті діни ағым ұстанушылары болып шықты, екеуі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру