Өскемендік қыз жараланған дала бүркітінің балапанын тауып алды
Өскемендік қыз жараланған дала бүркітінің балапанын тауып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласының тұрғыны бақшасынан кезқұйрыққа ұқсайтын жараланған құсты тапты. Оны қарап шыққаннан кейін, қыз оның қанаттарының біреуі зақымдалғанын байқады, бірақ оның қашан және қалай жараланғаны белгісіз. Бірнеше күн бойы бойжеткен қауырсынды қонақты үйінде ұстады, алайда құс бойсұна алмағандықтан, қыз полицияға қоңырау шалып, құсты жануарларды қорғау қорына орналастыруға көмектесуді сұрады.
Аталған шақыруға Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Әсет Оралбеков шықты.
– Сынған қанаты бар, адамның көмегінсіз ол тірі қалмас еді, қызға құсты құтқаруға қатысқаны үшін рақмет айтуға болады. Біз құсты кәсіби мамандардың қолына тапсырдық, – деді учаскелік инспектор.
Ветеринардың айтуынша, құс қезқұйрық емес, дала бүркітінің балапаны екені белгілі болды. Бүгінгі таңда балапан хайуанаттар бағында ветеринардың бақылауында, сауығып кеткен соң табиғатқа, еркіне жіберіледі.