Павлодар облысында полицияға 187 адам жеткізілді
Павлодар облысында түрлі құқық бұзушылықтар үшін полицияға 187 адам жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен тәулікте Павлодар қаласында қоғамдық тәртіпті сақтауға патрульдік полиция батальонының 96 инспекторы жұмылдырылды, олар патрульдеуді үш ауысымда
жүзеге асырды.
– Облыс орталығының тұрғындарынан келіп түскен 132 шақыртуға құқықтық тәртіп сақшылары шықты. 99 жағдайда қала көшелерінде, 33 пәтерлі көшелерде, 15 жағдайда – зардап шеккендерсіз жол-көлік оқиғалары орын алды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Сонымен қатар, полицейлермен 125 әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың ішінде көбісін тәртіпсіз жүргізушілер жасаған, қауіпсіздік белдігін тақпаған – 29. Жол қозғалысы ережелерін сақтамаған жаяу жүргіншілер де аз емес – 25. Сезіз жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермеген.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары көлікті мас күйінде басқарған үш жүргізушіні ұстады. Қала жолдарында көлік жүргізу құқығынан айырылған үш автокөлік жүргізушісі анықталды. Барлық бұзушылар жауапкершілікке тартылды. Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша 7 автокөлік айыптұраққа қойылды.
15 тұрғын алкоголь ішкені және қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін жауапкершілікке тартылды. 6 азамат ұсақ бұзақылық жасаған. Павлодар қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 50 тұрғын жеткізілді. Полиция бөлімдеріне түрлі құқық бұзушылықтар үшін 187 адам жеткізілді.
Мысалы, 28 сәуір сағат 22.15-те Гагарин көшесінде патрульдеу кезінде 43 жастағы жүргізушінің басқаруымен Nissan X-Trail автокөлігі тоқтатылды, ол сараптама қорытындысына сәйкес, мас күйде болған. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды.
Басқа жағдайда, Қамзин-Толстой көшелерінің қиылысында алимент төлемегені үшін іздеуде жүрген 42 жастағы павлодарлық ұсталды. Ер адам Павлодар қалалық ПБ Солтүстік полиция бөліміне жеткізілді.
– 2022 жылғы үш ай ішінде Павлодар қаласының ПБ полиция батальонының қызметкерлері әкімшілік кодекстің 9328 бұзушылығын анықтады, – деп хабарлады спикер.