Елордада түрмеге гашиш лақтырмақ болғандар ұсталды
Елордада түрмеге гашиш лақтырмақ болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЕЦ-166/5 мекемесінің қызметкерлері 6505 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, мекемеге жақын орналасқан жерде күдікті азаматтарды ұстады. Белгілі болғандай, олар мекеме аумағына политендік пакетке оралған сұрғылт-жасыл түсті затты лақтырмақ болған. Жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижесінде, аталған зат жалпы салмағы 107,45 грамм құрайтын гашиш болып шықты.
– Қазіргі таңда аталған азаматтарға қатысты ҚР Қылмыстқ кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларға бұл іс-әркеттері үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қолдануы мүмкін. Жыл басынан бері жалпы салмағы 80 грамға жуық есірткінің мекеме аумағына кіргізбек болған іс-әрекеттердің жолы кесілді, – деді ЕЦ-166/5 мекемесінің бастығының жедел-режимі жұмыс жөніндегі орынбасары Арман Сыздықов.