Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктің сәйкестендіру нөмірін қолдан жасаған ақмолалық анықталды

Көліктің сәйкестендіру нөмірін қолдан жасаған ақмолалық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 сәуірде Бурабай ПБ “Буран-2” АПП автопатруль экипажының қызметкерлері Мұхарбек Сұлтанов пен Нұрбек Олжабай Щучинск қаласында қызмет атқару барысында Honda CR-V автокөлігін тоқтатты. Тексеру жұмыстары кезінде сәйкестендіру нөмірі қолдан жасалғаны анықталды.

Көліктің құжаттары мен сәйкестендіру нөмірін салыстыру кезінде полиция қызметкерлерін олардың түпнұсқалығы күдік тудырды. Зерттеу нәтижелері бойынша, автокөліктің техпаспортта көрсетілген VIN-коды сәйкес келмейтіні анықталды.

Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 386-бабының 1-бөлігі (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу жалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жүргізуші аталған автокөлікті Щучинск қаласының 46 жастағы тұрғынынан сатып алғанын айтты. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру