Павлодар облысының тұрғыны тіркелмеген мылтықты полицияға өткізді
Павлодар облысының тұрғыны тіркелмеген мылтықты полицияға өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атыс қаруын қолданумен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 25 сәуірден бастап Павлодар облысының аумағында тіркелмеген қаруды сатып алу акциясы басталды.
– Ертіс ауылының 48 жастағы тұрғыны полиция бөліміне тіркелмеген 12 калибрлі тегіс ұңғылы екі ұңғылы ИЖ-43 мылтығын өз еркімен тапсыру туралы өтініш білдірді. Баллистикалық зерттеуден кейін ауыл тұрғын 66 780 теңге көлемінде кепілдендірілген төлем алады, – деді Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.
Айта кетейік, тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудан босатылады.