Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар колониясында эко-ойыншықтар жасап шығарылады

Павлодар колониясында эко-ойыншықтар жасап шығарылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қауіпсіздігі орташа АП-162/3 мекемесінде ағаш ойыншықтар шығару жолға салынды. Өндірісте 5 сотталған жұмыс істейді. Әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров арнайы цех ашып, өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр.

Сотталғандар теңгергіш тастарын, автокөліктер, ұшақтар мен мылтықтарды, конструкторлар мен үйшіктерді жасайды. Өндірісте қайың, тал, қарағай қолданылады.

– Бастапқыда біз сотталғандардың өндірістің бұл түрін игере алатындығын анықтау үшін бірнеше модельді сынақтан өткіздік. Қазіргі уақытта сотталғандар тапсырманы сәтті орындады деп сеніммен айта аламын. Клиенттер нәтижеге риза. Ұзақ мерзімді жоспарда өнімді шетелге экспорттауды жүзеге асыру көзделген. Ойыншықтардың таза ағаштан жасалғанын, экологиялық таза және бала үшін қауіпсіз екенін атап өткім келеді. Біздің өнімдер балалардың моторикасын, елестету мен ойлауын дамытуға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді кәсіпкер Эмин Әскеров.

Бүгінгі күні мекемемен келісім-шарт жасалып, барлық қажетті ағаш жабдықтары сатып алынды.

Өнімдер экологиялық бағытталған және балаларды жинақтау-шашу процесіне тарту үшін «Өзің жина» санатына жатады. Қазіргі уақытта өнімдер сертификаттаудан өтіп жатыр, содан кейін оларды барлық балалар дүкендерінде сату жоспарлануда. Ағаш ойыншықтарды өндіруде лак-бояу материалдары, шегелер мен бұрамашегелер пайдаланылмайды.

– Сотталғандарды оқыту және жұмысқа орналастыру – олардың әлеуметтенуі мен бейімделуінің өзекті және маңызды аспектілері. Колонияда алған дағдылары сотталғандарға бостандыққа шыққаннан кейін жұмыс табуға немесе өз ісін ашуға мүмкіндік береді. Олар еңбектері үшін жалақы алады. Ойыншықтарды өндіруді бастамас бұрын сотталғандар оқытудан өтті. Бұл өнімді «антигаджет» деп атауға болады. Жалпы, Павлодардағы колонияларда 776 сотталған жұмысқа орналастырылды, – деп түсіндірді Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Адлет Мустафинов.

«GreenTAL» әлеуметтік жобасының жетекшісі Эмин Аскеров жобаға үлкен үміт артып, алдағы уақытта өндіріс желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ойыншық шығаратын цехтың ашылуына Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Курманова шақырылды.

«GreenTAL» әлеуметтік шеберханасы 2015 жылы құрылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын жұмыспен қамту мәселесін шешеді. Қазіргі таңда цехта жеті бағыт жұмыс істеп, 63 жұмысшы өндірістік жұмысқа тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру