Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ресейде қылмыс жасаған күдікті Көкшетауда ұсталды

Ресейде қылмыс жасаған күдікті Көкшетауда ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығының аумағында Ресей Федерациясының Омбы облысы бойынша ҚК 288-бабына сәйкес іздестіріліп жатқан 36 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын анықтады.

Басқарманың криминалдық полиция бөлімінде түсіндірілгендей, аталған азамат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 590-бабына сәйкес экстрадициялануға жатпайды.

Полицияда басқа мемлекеттің аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, ұстап беруге жатпайтынын хабарлады.

– Егер шет мемлекетте азаптау, зорлық-зомбылық, басқа да қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсету немесе жазалау қатері бар деп пайымдауға елеулі негіздер болса, сондай-ақ өлім жазасын қолдану қаупі төнген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ешкім де осы мемлекетке ұсталып берілмейді. Бұдан басқа, “Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке берілуі мүмкін, – деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру