ШҚО тұрғыны 40 жыл бойы үйінде сақтаған мылтығын полицияға тапсырды
ШҚО тұрғыны 40 жыл бойы үйінде сақтаған мылтығын полицияға тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай аудандық полиция бөліміне 55 жастағы Қарауыл ауылының тұрғыны аңшылық қаруды өз еркімен тапсыратыны туралы арызбен жүгінген. Ер азаматтың айтуынша, қару марқұм әкесінен қалған, мылтық 40 жылға жуық үйде сақталған.
Сарапшы мамандардың қорытындысы бойынша, қару ИЖ-32 маркалы 32-калибрлі тегіс ұңғылы, аңшылық мылтығы екені анықталды. Қаруды өз еркімен тапсырғаны үшін оның техникалық жағдайына қарай қаражат төлеу қарастырылған, Абай ауданының тұрғынына 64 мың теңгеден астам қаражат төленетін болады.
– Тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру акциясының 11 күні ішінде азаматтардан 48 өтініш келіп түсті, 70 бірлік атыс қаруы қабылданды, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.
Естеріңізге сала кетсек, өңірде халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу бойынша республикалық акция жалғасуда