Атырау облысында тұрғындар заңсыз сақталған қаруларын полицияға тапсыруда
Құрманғазылық тұрғындар тіркелмеген заңсыз қаруларын полицияға тапсырып, сыйақы иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда атыс қаруларымен, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 25 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізіліп жатыр.
Акция барысында Құрманғазы аудандық полиция бөліміне сегіз адам ерікті түрде тоғыз заңсыз сақталған атыс қаруын сыйақы алу үшін тапсырды. Соның ішінде 1892 жылғы Мосина маркалы винтовкасын және 1944 жылы шыққан Шпагин пулемет тапаншасын тапсырылды.
Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ дәрілерді, өз еріктерімен ішкі істер органдарына өткізген азаматтар қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.