Шығыс Қазақстанда 30-дан астам қос азаматтық анықталды
Шығыс Қазақстанда 30-дан астам қос азаматтық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі өңірде тұратын қос азаматтығы бар адамдарды анықтау жұмыстарын күн санап жалғастыруда.
Жыл басынан бері олар 300-ден астам адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тіркеді, бұл ретте Қазақстан Республикасы азаматтық туралы Заңды бұзған 30-дан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, биыл сәуір айының соңында тәртіп сақшылары 2016 жылдың қыркүйек айында Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алған Глубокий ауданының 67 жастағы тұрғынын анықтаған. Алайда ол туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына да, шетелдегі мекемелерге де хабарламаған.
Құқық бұзушы ҚР ҚК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша 200 АЕК (428 820 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айырылу тіркелді.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.