Байқоңырда пробация есебіндегі сотталғандар саябаққа көшет отырғызды
Байқоңырда пробация есебіндегі сотталғандар саябаққа көшет отырғызды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоршаған ортаны абаттандыру, көшет отырғызу Байқоңыр аудандық пробация қызметі үшін дәстүрге айналған.
Байқоңыр аудандық пробация қызметі Байқоңыр аудандық әкімдігі, қоғамдық қорлар, мемлекеттік мекемелермен және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түріне сотталған азаматтармен бірлесе отырып Жамбыл Жабаев атындагы саябаққа жаңадан 50 жас көшет отырғызды.
Сонымен қатар саябақта тазарту жұмыстары жүргізілді.
– Туған топырағымызды таза ұстап, абаттандырып, жасыл желекке бөлеу – баршамыздың басты борышымыз. Жаңа Қазақстанымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосқанымызға өте қуаныштымыз, – деді Байқоңыр аудандык пробация қызметінің бастығы Батагоз Ержанова.