Көкшетаулық тұрғынды тонап кеткен ер адам қолға түсті
Көкшетаулық тұрғынды тонап кеткен ер адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 мамырда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 38 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті. Онда ер адам оған қатысты жасалған тонау фактісі туралы хабарлаған.
11 мамырда кешкі сағат 22.30 шамасында Ғабдуллин – Әуелбеков көшелерінің қиылысында жәбірленушіге белгісіз ер адам жүгіріп келіп, оның қолынан барсетканы жұлып алып, жасырынғаны анықталды. Өтініш берушінің айтуынша, сөмкесінде құжаттар, банк карталары және ақша болған.
Аталған факті бойынша тергеу бөлімі ҚР ҚК-нің 191-бабының 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер қаскүнемді анықтады. Күдікті Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Ұрланған зат тәркіленді. Жеке мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін тәртіп сақшылары сақ болуға шақырады.